Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі Бақыт Алпысбайұлы аудан халқына ауызашар берді.
Ауызашар дастарханына 18 ауыл округінің әкімдері, ақсақалдары және ауданға қарасты ауыл имам-молдалары қатысты.
Ең алдымен ауызашар дастарханы Құран аяттарын оқумен басталды. Құран аяттарын Аудан бас имамы Қанат Әділханұлы оқып, марқұмдарға бағыштап, жиналған халықты Рамазан айының келуімен құттықтап, «Рамазанның құңдылықтары» тақырыбында насихатын айтты.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков те сөз алып, бүгінгі ауызашардың маңызына тоқталып өтті.
«Бата - сөздің анасы» атты облыстық бата жарысының жүлдегері Жақаш ауылы «Сухамбай» мешітінің молдасы Скендиров Бакубек қажы: «Бұл Рамазан айы баршамызды бірлікке шақырып, татулыққа үндейді», - деп ізгі ақжарма тілегін айтты.
Жиын соңында ақсақалдар бата беріп, дұға бағышталды.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі