Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Қостөбе ауылдық «Қостөбе» мешітінде бас имам сағатын өткізді.
Аталған шараға ауыл молдасы Фазлиев Весал және мешіт жамағаты қатысты.
Қанат Әділханұлы: «Біз бүгін сіздермен бас имам сағатын өткізудеміз. Осы шарадағы мақсатымыз мешіт жамағатының имамның қызметіне қатысты қандай-да бір ұсыныстары болса немесе мешітке қатысты ұсыныс пікірлеріңіз болса, қаңдай да бір мәселерлер болса, бірлесіп мәселенің түйінін тарқату болып табылады», - деді.
Жамағат өз ұсыныстарын айтты. Соның ішінде мешіт имамына көмекші керектігін жеткізді. Бас имам жуырда осы мешітке наиб имам ұсынатынын айтты.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі


16 Январь 2026
27 Раджаб 1447

