#Тараз: Әйелдер «Қош келдің, Рамазан» атты рухани кешінде бас қосты

#Тараз: Әйелдер «Қош келдің, Рамазан» атты рухани кешінде бас қосты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы «Әл Әділ» мешіті әйел-қыздар секторының ұстазы Ләззәт Умирбекованың ұйымдастыруымен «Қош келдің, Рамазан» атты рухани кеш өтті.

Айтулы жиында қасиетті Рамазан айында Құранға түскен шәкірттерге тәж кигізіліп, сыйлықтар тарту етілді. Көпшілік бірге ауыз ашып, ұстаздың ғибратқа толы уағызын тыңдады.

Абдуллаһ ибн Масғуд айтады «Кімде-кім Құранды сүйсе (жақсы көрсе), Алла мен елшісі де ол адамды сүйеді. Кімде-кім Алла мен елшісінің сүйіктісі болуды қаласа, онда өзінің Құранды қаншалықты сүйгендігіне қарасын»- дейді.

Кеште шәкірттерге Рамазан туралы ақпарат беріліп, сұрақ-жауап айдары өтті.

 "Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: