Тараз қаласы «Әбдіқадір» мешітінің әйел-қыздар секторы Меруерт Токушбекова ұстаздың ұйымдастыруымен Рамазан айында дастархан жайылып шәкірттерге уағыз-насихат айтылды.
Құранның тәжуид ережелерін оқып тәмәдаған екі шәкірт Құранға түсті. Шәкірттерді ынталандыру мақсатында Құран кітабы сыйға тартылды. 4
Құран – Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) уахи ретінде түсіп, әлі күнге түпнұсқа күйінде сақталған бірден-бір кітап. Әрбір мұсылман үшін һәм жалпы мұсылман үмбеті үшін маңызды.
"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі