Тараз қаласы «Ар Рахман Ар Рахим» мешітінің әйел-қыздар секторы Зора Айдарова ұстаздың ұйымдастыруымен шәкірттер тәжуид ережелерін аяқтап Құранға түсті. Айтулы шарада уағыз-насихат айтылып, Құран оқып тауассуль жасалып, дінімізге және мемлекетімізге күш қуат тілеп, әр адамның отбасына, қоғамымызға дұға жасалды.
Құран – Жаратқанның тура жолы әрі хаққа бастар нұр. Ол – соңғы пайғамбарлықтың құжаты, ханиф (тура) діннің тілі әрі Ислам шариғатының ата заңы.
Абдуллаһ ибн Масғуд айтады «Кімде – кім Құранды сүйсе (жақсы көрсе), Алла пен елшісі де ол адамды сүйеді. Кімде – кім Алла пен елшісінің сүйіктісі болуды қаласа, онда өзінің Құранды қаншалықты сүйгендігіне қарасын».
"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі