Тараз қаласы «Әл Хафиз» мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасы өтті. Мешіт атынан қасиетті Рамазан айына орай 100 адамға азық-түлікпен көмек берілді.
Кәсіпкерлер және мешіт жанашырларының атсалысуымен жасалған игі науқанға 1 200 000 теңге көлемінде қаражат жұмсалды. Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзің көресің демекші, осы шараға атсалысқан барша адамға мешіт имамы Қаныбек Бүйребаев алғысын білдіріп, келуші мұқтаж жандарға Алланың мейірімі турасында уағыз-насихатын айтты.
Алла Тағала қасиетті Құранның Сәбә сүресінде: «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» - деп келтіреді. Қасиетті Рамазан айында садақа беріп, қайырымдылық жасау ең сауапты да, қайырлы істердің бірі болып саналады, сол себіпті қасиетті айда жасаған қайырымдылық және ізгі амалдарымызды Алла Тағала қабыл етсін.
Тараз қалалық "Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі