Тараз қаласы №29 орта мектеп оқушыларына дөңгелек үстел семинары өтті. Семинар «Улы насыбай және ұлт болашағы» тақырыбы негізінде жастарды жаман әдеттерден және діни жат ағымның етегінде кетуден сақтау, осы мәселенің алдын алу шаралары қозғалды.
Осы орайда, діни қызметкер ретінде Тараз қаласы «Иса Ахмет» мешітінің имамы Нұрсұлтан Нұрымбетов сөз сөйледі. Имам қазіргі таңдағы жастардың арасындағы етек жайған жаман әдеттер дінімізде құпталмаған әрі жек көрінішті амалға жататынын баса айтты.
"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі