Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің әйел ұстазы Кушербаева Жанаттың ұйымдастыруымен «Ораза кезінде дұрыс тамақтанудың пайдасы» тақырыбында семинар өтті.
Семинарда Жанат Кушербаева ұстаз: «Ауыз бекітер кезде ақуызға бай құнарлы тағамдарды жеген абзал. Ал ауыз ашарда сүннет бойынша құрмамен ашқан абзал. Артынан 1 стақан су ішіп, 10-15 минуттан кейін ғана тамақ жеу керек.
«Тағамдарды қандай маймен дайындаған дұрыс? Дәнді-дақылдарды қалай пайдаланамыз?» сынды сұрақтарға жауап берілді. Шәкірттер де өз тәжірибелерімен бөлісті.
«Байзақ баба» мешітінің баспасөз қызметі