Шу ауданы Ақсу ауылы "Баласағұн" мешітінің молдасы Байзақ Джаманкеевтің ұйытқы болуымен 3 отбасыға азық-түлік түрінде қайырымдылық жеткізілді.
Әлеуметтік жағдайы төмен жанұялар қасиетті айдағы мұндай қамқорлыққа алғыс білдірді.
Аталған мешітке аудандық "Жәми" мешітінің наиб имамы Мағжан Мұратұлы арнайы ат басын бұрып барып, ауызашарға қатысты.
Ауданның наиб имамы тарауық намазының алдында уағыз айтып, жамағатқа рухани азық боларлық білім беріп қайтты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі