#Жамбыл: «Үміт сәулесі» кітабы бойынша жастарға дәріс өткізілді

#Жамбыл: «Үміт сәулесі» кітабы бойынша жастарға дәріс өткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы жастарға «Үміт сәулесі» кітабынан дәріс өткізді. Аталған дәріс бойынша жамағат сұрақтарын қойып, мардымды жауаптарын алды.

Абай атамыз: «шығар есігін таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі де бір антұрғандық» деп қайғы мұңға түсіп, іссіз, әрекетсіз жырақта қалуды, антұрғандық, ақымақтық деп сипаттаған. Жаратылудың ең жоғарғы мақсаты – Аллаға иман келтіру. Ал адамның ең жоғарғы дәрежесі Алланы тану.

Ал жете танығаннан кейін Оны жақсы көру ерекше бір ләззат болмақ. Ұлық Жаратқанды танып, жақсы көру бүкіл бақыттың, ал оны танымау қасірет пен қайғының қайнары.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: