Жамбыл ауданы Жастар ресурстық орталығында Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлының қатысуымен «Кемел кездесу» іс-шарасы болды.
Аталмыш шарада ауданның бас имамы «Ихсан –рухани тәрбие негізі» турасында аудан жастарына арнап насихат айтты. Ихсан- пенденің иманын бекемдеп, құлшылыққа дегн құлшынысын арттыратын, адамгершілікке тән игі қасиеттерді кемелдендіре түсетін рухани ілім. Құдіреті күшті Хақ Тағала Құран Кәрімде ерекше мән берген құндылықтың бірегейі де осы – ихсан ілімі.
Қасиетті Құранда: «Негізінде Алла әділдікті, игілікті (ихсанды) және ағайынға қарайласуды бұйырады. Сондай-ақ, арсыздықтан, жамандықтан және зорлық-зомбылықтан тыяды. Түсінерсіңдер деп сендерге (осылайша) насихат береді» («Нахл» сүресі, 90- аят) деп баяндалған.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі