#Меркі ауданы: Сәбиге ат қою дәстүрі айтылды

#Меркі ауданы: Сәбиге ат қою дәстүрі айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы намазға жиналған жамағатқа «Дін мен дәстүрдің сабақтастығы» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді. Имам сәбиге ат қою турасында сөз қозғады.

Азамат Берікұлы: «Ислам дінінде сәби өмірге келгенде әке-шешенің орындауға тиісті үш міндеті бар. Соның бірі, баланың құлағына азан шақырып жақсы ат қою.

Ислам шариғаты бойынша туылған баланың құлағына азан шақырып ат қою – сүннет. Яғни, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құп көріп жасаған ізгі істерінің бірі. Шариғат бойынша нәрестенің оң құлағына азан, сол құлағына қамат айтылады. 

Имам Әбу Дәуіт пен имам Термези келтірген хадисте: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қызы Фатима Әлиұлы Хасанды босанған кезінде оның құлағына намазға азан айтқандай азан айтқан». Сондай-ақ тағы бір хадисте: «Кімнің баласы туылғанда, оның оң құлағына азан айтып, сол құлағына қамат айтса, ол нәрестеге «умму сибян» (сәбиді ауру ететін жел немесе жынның кесірі) әсер етпейтін болады» – деп айтылған.

Азан шақырып, ат қою қазақ халқының мұсылмандық жоралғысының қалыпты қағидаларының бірі болған. Халқымызда жарық дүние есігін шыр етіп ашқан сәбиге есім беру рәсіміне қатысты өзіндік дәстүрі мен салт-жоралғысы бар. Мәселен, азан шақырып, ат қояр кезде кішкене сәби болашақта сыйлы, құрметті, үлкен азамат болсын деген ниетпен ырым етіп, сәбидің ата-анасы жасы үлкен, сыйлы адамға қолқа салады. Жақын-жұрағат жиналып, ат қоятын адам сәбиді қолына алып, «Аллаһу әкбар» деп азан шақырып, сәбидің оң құлағына есімін үш рет қайталап айтады», - деп, ат қоюдың дініміздегі үкімі мен дәстүріміздің жоралғыларын түсіндіріп өтті.

Уағыз соңында жиналған жұрт сұрақтарын қойып тұшымды жауаптарын алды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: