Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы шам намазынан кейін мешітке келген жамағатқа «табиғатты аялау – аманат» тақырыбы турасында кеңінен уағыз айтты.
Табиғат – Жаратушы Алланың адамзатқа берген ең үлкен нығметінің бірі һәм аманаты, екендігін айтқан аудан имамы жамағатқа барынша табиғатты таза ұстау керектігін насихаттады. Қоршаған ортаны аялау – әр адамның қасиетті борышы.
Ұрпағымыз бала күнінен бастап ағашты сындырмауға, жан-жануарларды қорламауға, су айдындарын ластамауға, қоқыс тастамауға дағдылануы үшін оларды әрдайым табиғатқа ұқыпты, құрметпен қарауға тәрбиелеуіміз қажет. Әрқашан өзімізден бастап, өзгелерге үлгі болайық!
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі


09 Ноябрь 2025
18 Джумада-авваль 1447

