#Жамбыл: Жомарттықтың дәрежесі мен сауабы

#Жамбыл: Жомарттықтың дәрежесі мен сауабы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы мешітке келген жамағатқа «жомарттық» турасында кеңінен уағыз айтты. Жомарттықтың дәрежесі мен сауабы жөнінде насихат айтылды. Жамағаттың сауалдарына жауап берген аудан имамы - жомарттық адамның көркем мінезінің кемелдігінің көрінісі екендігін алға тартып, жамағатты жомарт бола білуге шақырды.

Қазақ халқында жомарт адамдарды «Қолы ашық жан», «Атымтай жомарт», «Дархан көңілді адам» деп құрметтеп, түрлі атаулармен атаған. Ата-бабаларымыз: «Кең болсаң – кем болмайсың», – деп ұрпағына әрдайым кеңпейілді болуға, қолында барымен өзгелермен бөлісіп, жәрдемдесуді өсиет еткен. Айталық, ұлының атын «Жомарт» деп қоюуы да ата-бабаларымыздың жомарттықты қаншалықты қастерлей білгендігінің көрінісі.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: