ЖАНТ – тобының мүшесі «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Жапек Ғалымбек Төлегенұлы Байзақ ауданына іс–сапарымен келді.
Сапар барысында найб имам аудандық «Байзақ баба» мешітінде жамағатпен кездесіп «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында насихат жүргізді.
Облыс найб имамның іс – сапары ауылдардағы мешіттерді аралап мешіттің тыңыш тіршілігін білумен жалғасты.
Ғалымбек Төлегенұлы «Аймантөбе», «Ақыл ата», «Темірбек баба», «Үшбұлақ», «Ақшолақ», «Қалмұрат баба», «Базарбай» ауылдық мешіттердің жамағаттарымен сұқбаттасты.
Байзақ баба мешітінің баспасөз қызметі