Байзақ аудандық “Байзақ баба” мешітінде Мәуліт мерекесі тойланды. Іс-шара Құран оқумен басталды.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) жайлы өлеңдер оқылып, салауат айтылды. Көрермендерге викториналық сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Мешіт ұстазы Жанат Көшербаева уағыз жүргізіп, пайғамбарға деген махаббатты оятты.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі



22 Июнь 2026
6 Мухаррам 1448

