#ТАРАЗ: "Ар-Рахман Ар-Рахим" мешітінде мәуліт оқылды

#ТАРАЗ: "Ар-Рахман Ар-Рахим" мешітінде мәуліт оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Барша мұсылман халықтары жаратылыстың абзалы болған екі дүниенің мырзасы пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген қасиетті Рабиғул әууәл айында айтулы мәуліт мерекесін атап өтуде.

Осы қасиетті айда еліміздің барша мешіттерінде атап өтілгені секілді Тараз қаласына қарасты "Ар-Рахман Ар-Рахим" мешітінде де мәуліт мерекесі жоғары деңгейде өтті. Игі шара Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірбаянын тілге тиек етумен басталды.

Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауаттар айтылып, сәлемдер жолданды. Қасиетті Құран Кәрімнің аяттары оқылып, пайғамбар шапағатын тілеп дұға жасалды. "Османжан баба" мешітінің имамы Ораз Баймаханов мәуліт жырын араб және қазақ тілдерінде оқып жамағатқа жеткізді. Мәуліттің тарихы мен үкімін жиналған жамағатқа "Ар-Рахман Ар-Рахим" мешітінің имамы Амангелді Ембергенов таныстырып, жамағатты Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір жолын жақыннан тануға шақырды.

"Ар-Рахман Ар-Рахим" мешітінің баспасөз қызметі   

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: