Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Жұма – күн шуағы шашылған күндердiң ең жақсысы" деген.
Осы орайда, Меркі ауданы, Т.Рысқұлов ауылы «Жарас» мешітінің имамы Көктал Мадияр қасиетті жұма күні «Берекелді жұма» қайырымдылық науқанын өткізді.
Қайырымдылық жанұя мүшелерінде мүгедектігі бар екі отбасыға берілді. Көмек алған отбасылар жасалып жатқан «Берекелі жұма» қайрымдылық науқанына алғастарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Алла нәсіп етсе игі іс-шаралар алдағы уақыттада өз жалғасын таба бермек.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі