Алла Тағала Құран кәрімде: «Жақсылық жасаңдар, сонда нағыз жетістікке жетесіңдер (яғни, о дүниеде тозақ азабынан құтылып, шексіз нығметке бөленесіңдер)» дейді.
Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.
Меркі ауданы, Т.Рысқұлов ауылы «Жарас» мешітінің имамы Көктал Мадияр көмек сұрай келген апамыздың өтінішін жерге тастамай өз көмегін көрсетті.
Қыс мезгілі таяп қалған шақта, газ отынының қарызын төлей алмаған апамыздың газын қиып кеткен екен. Апамыз қысыла мешітке барып жағдайын айтқан соң имамның ұйытқы болуымен ауыл тұрғындары қол ұшын созып, апамыздың қарызын өтеп, газ құбырын қайта іске қосты.
Ауыл имамы көмек алған апамыздың және ауыл тұрғындарының ыстық ықыласына бөленіп, батасын алды.
Меркі ауданыдық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі