Байзақ аудандық “Байзақ баба” мешітінде жарыс өтті. Мешіт ұстазы Жанат Кушербаеваның ұйымдастыруымен “Мәуліт” мерекесіне орай игі шара ұйымдастырылды.
Жарысқа екі топқа бөлініп шәкірттер қатысты. 3 турдан құралған жарыста пайғамбар Мұхаммед (с.а.у.) өмірінен, сахабаларға қатысты хадистерден және пайғамбар (с.а.у.) әзілдерімен қатар логикалық қызықты сұрақтар қойылды. Белсене қатысқан кісілерге марапаттау сыйлығы табысталды.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі



09 Ноябрь 2025
18 Джумада-авваль 1447

