#Меркі ауданы: Мәуліт жыры оқылды

#Меркі ауданы: Мәуліт жыры оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Сұрат ауылы «Сұрат» мешітінде өткен Мәуліт мерекесін ауданның бас имамы Азамат Берікұлы ашып, құран оқыды.

Бас имам өз сөзінде: «Мәуліт арабша «туылу», «туылған уақыты» деген мағынаны білдіреді. Адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған уақытына байланысты тойланатын мейрам - Мәуліт мерекесі жыл сайын елімізде кеңінен аталып өтіледі.

Құранда пайғамбарымызды (с.ғ.с.): «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің» (Қалам сүресі, 4-аят), – деп сипаттаса, тағы бір аятта барша адамзатты Алла Елшісінен (с.ғ.с.) өнеге алуға шақырады: «Расында сендер үшін, Алланы да ақырет күнін де үміт еткендер және Алланы көп еске алған кісілер үшін Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар» (Ахзаб сүресі, 21-аят)» - деп, жиылған жамағатқа аудан бас имамы қасиетті Мәуліттің маңызын айтып, жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтады.

Жиын Алла Тағалаға мадақ, пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ға салауат айтумен басталды. Ауылдың өнерлі жігіттері терме, өнегелі өлең-жыр жолдарынан оқыды.

Мәуліт кешіне арнайы жайылған дастарханға қонақтар жайғасып, ауданға қарасты мешіт имамдары Мәуліттің шығу тарихынан бастап, пайғамбарымыздың (с. ғ.с) өнегелі өмірі, көркем мінезі жайлы тағылымды әңгімелер, имандылық, дінаралық татулық пен бірлік туралы уағыз айтты.

Жиын соңында, Құран оқылып еліміздің амандығы, жұртымыздың тыныштығы үшін дұға жасап тарқасты.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: