#Меркі ауданы: Имамдар жиналысы өтті

#Меркі ауданы: Имамдар жиналысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Абдужаппар Амиров Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінде аудандық мешіт қызметкерлері және ауыл имамдарымен кездесіп, жиналыс өткізді.

Жиын барсында Меркі ауданының Бас имамы Азамат Берікұлы аудандық мешіт тарапынан атқарылып жатқан істер жайлы таныстырып өтті. Жиынға арнайы іс-сапармен келген  Абдужаппар Амиров аудан имамдарына атқарып жатқан еңбектеріне алғысын білдіріп, имамдарға қойылатын жаңа талап жайлы сөз қозғады.

Жиын барысында «Дін қызметкері әдебі» тақырыбында семинар ұйымдастырылып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен «Жеті рухани қазық», «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат ету мәдениеті», «Зияткер имам» құжаттары жайында баяндады. Сонымен қатар «Жеті рухани қазық» тұғырнамасының мұсылманның бойындағы адами қасиет пен әдептілік, сыйластық сияқты ізгі сипаттарды қалыптастыру және ұлағатты ұрпақты тәрбиелеу жөнінде ғибратты насихат айтылды. Имамдардың біліктілігі мен мешіт жанындағы діни сауат ашу курстарының маңыздылығы, күнделікті бесін және ақшам намаздарындағы уағыз айту жұмыстары, рухани, қайырымдылық шаралары, мешіт имамдарының әдептілігі мен тәртібі, т.б.с. мәселелерді кеңінен түсіндіріп, уағыз айтқанда, жаназа және басқада жиындарға барғанда имамның киім үлгісіне, тұр-әлпетіне, жалпы тазалыққа мән беру керектігін атап өтті.

Жиын соңында елімізге, жерімізге дұға жасалып тарқасты.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: