#Қордай: Мәдениет үйінде кездесу жасалды

#Қордай: Мәдениет үйінде кездесу жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық мәдениет үйінде Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлымен кездесу өтті.

Мәдениет үйінің қызметкерлеріне білікті маман мұсылман адамның бір-бірінің алдындағы қарым-қатынас әдептері мен міндеттері турасында насихат айтты.

"Қазіргі қоғамда дерт көп. Бірі өтірік айтса, бірі зина жасап жүр. Бірі парақор болса, бірі аманатқа қиянат жасап жүр. Айналып келгенде адамзат өз табиғатын жоғалтып, Алланың алдындағы міндет былай тұрсын, адамзат алдындағы қарым-қатынас, сыйластық, бауырмалдылық жоғалып бара жатқандай. Расымен де, мешітіміздің өзінде жік-жікке бөлініп, сен ана сенімдесің, сен мына сенімдесің деп, негізгі мұсылмандық қарым қатынасты ұмытып кетіп жатамыз. Күні кеше бір адаммен амандасып едім, қасымдағы бауырым «сен оны танисын ба?» деп сұрақ қойды. Неге мен оны тануым керек?! Ол егер мұсылман болса, менің міндетім амандасу емес пе?! Міне қарапайым амандасудық өзіне жұрдай болып бара жатқан халайық, бұл кішкене ғана насихат біздің өз арамыздағы қарым-қатынастың қандай болу керектігін баяндайды" - деп бастады имам өз насихатын.

Көпшілік ұйып тыңдап, көкейкесті сауалдарын қойып, адамгершілік, рухани тұрғыдан үлкен сабақ алып тарқасты.  

Аудандық Қордай мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: