«Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма?» деп Абай атамыз да айтып кеткен. Аллаға иман келтірген әрбір мұсылман таза жүрегін кірлетіп алмай, жаратқанның сүйікті құлы, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) шынайы үмметі болу жолында әрқашан өзімен жұмыс жасауы керек. Соның бірі - қоғамға пайдалы болу.
Алла Тағала бұл жайында Құран Кәрімде былай дейді: «Кімде-кім мысқалдай (тозаңның салмағындай) жақсылық жасаса, соның қарымын алады» («Зілзала» сүресі, 7-аят). Алланың адал жолында өңір мешіттері қайырымдылық іс-шараларын жиі ұйымдастырып тұратыны белгілі.
Осындай кезекті шара "Берекелді жұма" қайырымдылық науқаны. Жұма күні өткен игілік аясында 20 отбасыға азық-түлік таратылды. Ал жұмсалған қаражат 200 000 теңгені көрсетті.
Тұрғындар қуанып, алғысын білдіріп, тарқасты.
Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі