Қордай жамағаты "Нұр Мүбарак" университетінің аға оқытушысы, Phd доктор Ризабек Батталұлы орталық мешітте өңір жамағатымен дидарласты.
Білікті ұстаз истихфар айтудың адам баласының өміріне алып келетін пайдасы турасында әсерлі уағыз жүргізді. Өмірдегі мәселелердің пайда болуы, жолдың ашылмауы, санадағы шым-шытырық сынды дүниелердің шешімі Аллаға жақындау екенін көркем түрде жеткізді.
Мешітке жиналған қалың жамағат, көкейкесті сауалдарын қойып, дінтанушыдан дәлелді жауаптар естіді.
Аудандық Қордай мешітінің баспасөз қызметі