Меркі ауданына арнайы іс-сапармен келеген Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлы ауданға қарасты имам- молдалармен кездесті.
Жиынға Меркі ауданының әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы және Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Амиров Абдужаппар қатысты.
Аудан әкімі Жорабек Нұрбергенұлы ҚР Президент кеңесшісін таныстырып сөз берді.
Мәлік Нұржанұлы имамдармен сәлемдесіп, сөзін имамдарға алыс білдірумен жалғастырды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сәлемдемесін жеткізіп, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы туралы сөз қозғады. Және де ұлттық, рухани салт-дәстүрімізді тірілтіп, болашақ ұрпағымызды батыстың және де басқа мемлекеттердің мәдениеттеріне еліктемей, өз болмысымызды дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеу керектігін айтып, уағыз-насихат барысында өзіміздің Исламды насихаттаған ақын-жыраулар мен халық жанашырлары туралы көптеп айтуды қолға алу керектігін атап өтті.
Жиын соңында имамдар сұрақтарын қойып жауаптарын алды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі