Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылы «Тұрғани» мешітінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол – 2022» науқаны аясында Жастар секторының атынан 18 балаға мектеп формасы, сөмке және оқушыға қажетті құрал-жабдықтар табысталды.
Науқанға арналған көмек көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына үлестірілді. Аталған ауқымды шараны қолға алған мешіт ұжымына көмек алған отбасылар алғыстарын жаудырды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі