Жамбыл ауданы Түрксіб ауылы «Түрксіб» мешітіне арнайы барған ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы мен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Байдалиев Асқар ауыл мешітін аралады.
Іс-сапармен барған бөлім басшысы мен ауданның бас имамына ауылдық мешіттің найб имамы Болат Әбдіқұлұлы мешіттің жанынан бой көтеріп келе жатқан қызметтек үйдің құрылысымен таныстырды. Мешіттің ахуалымен танысқан бөлім басшысы дін қызметкеріне өз алғысын білдірді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі