«Бейбітшілік және келісім» жобасы аясында Шу ауданында зерделеу жұмыстары басталды. Өңірге арнайы келген Бейбіт қажы Әліпбекұлы әкімдікте өткен жиыннан соң «этно және конфессияаралық келісім» тобының мүшесі ретінде Төле би ауылдық округі әкімі аппаратында түрлі этнос өкілдерімен дидарласып, татулық, ынтымақ, мейірім мен бауырмалдық туралы әңгіме өрбітті. Шарада облыс әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Сәкен Сәрсенбайұлы да болды.
Сондай-ақ тұрғындардың тілегіне құлақ түріп, сауалдарына жауап берді. Түстен кейін облыс бас имамы Абай ауылында болып, Абай атындағы мектептің мәжіліс залында ауыл тұрғындарымен тілдесті. Өзекті мәселелерге тоқталып, шешу жолдары қарастырылды. Халықтың ой пікірлерін тыңдап, көкейкесті сауалдарына жауап берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі