Шу ауданына арнайы іссапармен келген ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев пен облыс әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Сәкен Сәрсенбайұлы Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амиреев бастаған имам-молдалармен жүздесті.
Бейбіт қажы Әліпбекұлы шулық имамдардың жұмысымен танысып, оларға атқаруға тиісті тапсырмаларды тапсырды. Сондай-ақ имам-молдалар үнемі халықпен тығыз байланыс орнатып, мәселелерден хабардар болулары керектігін сөз етті. Өңірдің діни хал-ахуалы талқыланып, дін мамандарының ұсыныс-тілектері тыңдалды.
Сапардың бірінші күні Шу аудандық «Жәми» мешітінде аталған жергілікті имамдардың қатысуымен өткен жиналыспен қорытындыланды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі