Меркі ауданы, "Тәтті" ауылдық мешітінің имамы Асхат Көпбосыновтың ұйымдастыруымен жалғыз басты апамызға үй табысталды.
Үй Тәтті ауылдық округіне қарасты Қарасу ауылында орналасқан. Үй иесі Қолқаев Нұрахан Алла разылығы үшін деп үй құжаттарын апамызға табыстады.
Апамыз көмек қолын созған ағамызға және де осы игі іс-шараға атсалысқан барша азаматтарымзға өз алғысын білдірді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі