"Халал" сертификатын алған өндіріс орындары тексерілуде

"Халал" сертификатын алған өндіріс орындары тексерілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысында ҚМДБ "Халал" сертификатына өтініш берген кәсіпорындар қатаң тексерілді. ҚМДБ "Халал Даму" ұйымының Жамбыл облысы бойынша өкілі Абылайхан Ғабитұлы 2 шұжық өнімдерін және 1 кондитерлік өнімдер шығаратын өндіріс орындарына арнайы барып, тексеріс жүргізді.

Мамандар шұжық өнімдеріне қосылатын шикізат өнімдерін және тағамдық қоспаларды мұқият тексерді. Өнімдерге келетін қоспалар толық бақылауға алынды. Өнімдерді арнайы лабораториялық тексеруге жолданды. Кондитерлік өнімдерге де арнайы бақылау қойылды.

Айта кетейік, аталған цехтар мен фабриканың тазалығы да назардан тыс қалмады. "Халал" куәлігін алуға ТОО "Кондитерская фабрика Дим-Ка" кондитерлік цехы және ТОО «ТПК Берсанукаев» Достар шұжық өнімдері, "Март" ЖК  шұжық өнімдері өтініш берген болатын. Кәсіпорындардың құжаттары өткізіліп, арнайы сараптамаға жіберілді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: