Жаңа оқу жылына орай Тараз қаласының 3-ші аймақ мешіттері бірігіп, 60 балаға мектеп сөмкесі мен оқу құралдарын табыс етті.
Қайырымдылық шарасы "Әзрет Әли" мешітінде өтіп, мешіт имамы, 3-ші аймақтың жауапты имамы Қанат Жұмағұл балдырғандарға мешіттің сыйлығын табыстады.
Айта кетейік, көмек әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға берілді. Және игі іс үшін жұмсалған қаражаттың жалпы көлемі 350 000 теңгені құрады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі