#Қордай: Қыз-келіншектер арасында салауат сайысы өтті

#Қордай: Қыз-келіншектер арасында салауат сайысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық мешітінде Әйел-қыздар секторының аудандағы ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен мухарам айының қарсаңында қыз-келіншектер арасында Пайғамбарымыз Мұхаммедке (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтудан жарыс өтті.

Кеште Пайғамбарымызды (с.а.с) сүюдің пайдасы мен салауат айтудың пайдасы жайлы насихат айтылды. Шәкірттер Алла елшісі жайлы монолог, өлең жолдарын оқыды.

Жарыс қорытындысы бойынша:

І орын - Абдраимова Райхан Аутовна (74405 рет салауат айтты);

ІІ орын - Жайлавова Райхан Уразалиевна (59666 рет салауат айтты);

ІІІ орын - Сапарова Индира Садатдинкызы (53348 рет салауат айтты).

Алғашқы үштіктен көрініп, сайыс жеңімпазы атанғандарға қасиетті Құран кітабы сыйға тартылды. Ал басқа қатысушылар замзам суын иеленді.

Айта кетейік, сайыста ең аз айтқан салауаттың өзі "1010 рет" деген көрсеткішті көрсетіп тұр.

Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: