Қасиетті жұма күні Меркі ауданы, Тәтті ауылдық мешітінің жанынан мешіт имамының ұйытқы болуымен, ауыл тұрғындарының демеушілігімен асхана салтанатты түрде ашылды.
Мешіт асханасының ашылу салтанатына арнайы іс-сапармен келген Меркі ауданының бас имамы сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті. Жұма намазының алдында тұрғындарға мешіт салудың, оған қарайласудың дінімізде үлкен сауап екендігі туралы уағыз-насихат айтып, артынша жұма намазын өткізді. Намаздан соң асхана ашылу салтанатты басталды. Ашылу салтанатынан кейін қонақтарға арнайы дастархан жайылды.
Бас имам, осынау игі іс-шараға мұрындық болған ауыл имамы Көпбосынов Асхатқа өз алғысын білдіріп, мешіт құрылысына атсалысқан барша азаматтарға ризашылығын білдірді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі