Қордай аудандық мешітінде Құранға түскен шәкірттерге қари болсын деген ниетпен тәж кигізу салтанаты өтті.
ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Қордай ауданы бойынша ұстазы Эльмира Есімқараеваның ұйымдастыруымен жасалған шараға "Әжелер алқасының" төрайымы Гулбану Сүйімбаева мен әжелер, шәкірттер қатысты.
"Мұғалим сани" кітабын яғни Құран әліппесін аяқтап, қасиетті кітапты түп нұсқадан оқуды басатаған қыздарға әжелер жылы лебізін білдіріп, насихат айтты. Насихат барысында Құран оқушының сыйы жайлы құраннан аят және хадистер келтірілді.
Қыздар қуанып, үлкендердің батасын алса, үлкендер тәж кигізіп дұғасын жасады.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі