ҚМДБ Әйел-қыздар секторы, аудандық Қордай мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен "Құран - мәңгі мұғжиза" атты рухани кеш өтті.
Әйелдер жамағаты мен шәкірттер, "Әжелер алқасының" қатысуымен өткен шара Құран аяттарын оқумен ашылды. Құран мен Құран оқудың артықшылығы туралы насихат айтылып, шәкірттер монолог оқыды.
Жүрек тібірентер қойылымдар қойылып, жамағат көзге жас алды. Ерекше әсер алып қайтқан нәзік жандылар келесі жиынды асыға күтетіндерін жеткізді.
Аудандық Қордай мешітінің баспасөз қызметі