Жамағатты соңынан ұйытып, Алланың әмірін, дұрыс өмір сүрудің заңдылықтарын халыққа жеткізу, көпшілікке ұйытқы болу, діни ғана емес, жан-жақты білімді болу, үлгі әрі көшбасшы болу - оңай шаруа емес.
Осындай имамдардың қатарында Қақпатас ауылында 1996 жылдан бері молда болып қызмет етіп келе ағамыз бар.
Күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Қақпатас ауылына арнайы барып, жұма өткізді. Жұма уағызын жүргізген бас имам көпшілік алдында мешітке 26 жыл молда болған Жармахамбет Танекеевке алғыс хат табыстап, разышылық білдірді.
Көпшілік берлесе молдаға берекет тілеп, иығына шапан жауып, зейнетке шығарып салды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі