Шу аудандық "Жәми" мешіті мен Шу қалалық әкімшілігінің бірлесіп ұйымдастыруымен "Мектепке жол" науқаны жасалды.
Аудандағы әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға көмек ретінде балаларға мектепке сөмке мен оқу құрал-жабдықтары тарту етілді.
"Бала біздің болашағымыз олардың сауатты, білімді болмағы келешегіміздің жарқын болуының кепілі" - деп атап өтті аудан бас имамы Бахтияр Амиреев балдырғандарға сыйлықтарды табыстап жатып.
Айта кетейік, аталған шара аясында мешіт пен әкімшілік аудан бойынша 60 баланы мектепке дайындады.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі