Кешегі қасиетті Құрбан айт намазынан кейін, Алла Тағаланың «Раббың үшін құрбан шал» деген Құран Кәрімдегі бұйрығын «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінің имамы мен жамағаты да бұлжытпай орындады.
Ар-Рахман Ар-Рахим мешітінің имамы Амангелді Ембергеновтің басшылық етуімен құрбан шалу және қайырымдылық іс-шарасы жүзеге асты. Атап айтқанда 2 сиыр, 7 қой құрбандыққа шалынып, 77 отбасыға құрбандық еті жеткізіліп, көмек ретінде берілді. Бұл көрсеткіш Құрбан айттың үш күнінде жүзеге асты. Құрбандық етін қуана қабыл алған қала тұрғындары осы қайырымдылық шарасын ұйымдастырушыларға Алланың разылығы мен сауабын тіледі.
Шарапаты мол Құрбан айты күндері ашыққанның қарнын тойдырып, көңілдерге қуаныш сыйлауға үлес қосқан мешітіміздің қызметкерлері мен еріктілер тобына, жанашыр жамағат пен жомарт жандарға шексіз алғыс білдіреміз. Алла Тағала ізгі ниетпен шалған құрбандықтарымызды, дұға-тілектеріміз бен игі істерімізді қабыл етсін!
«Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінің баспасөз қызметі