Жамбыл ауданы Бірлесу-еңбек ауылында «Бірлесу-еңбек» мешітінің имамы Жолдасбаев Сакеннің ұйымдастырумен ауыл тұрғындарына қайырымдылық жасалды.
Аталған шара аз қамтылған, көп балалы ауыл тұрғындарына үлестірілген болатын. Жеті отбасыны қамтыған азық-түлік ретінде таратылған қайырымдылық көмекті аталған отбасылардың үйіне жеткізіп беруді ауыл имамының өзі қолға алды. Көмек алған отбасылар ауыл имамына алғыстарын жаудырды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



10 Ноябрь 2025
19 Джумада-авваль 1447

