Қасиетті Құрбан айт мейрамы басталысымен Тараз шаһарында құрбандық шаламын деген тұрғындар облыстық "Һибатулла Тарази" мешіті бекіткен 2 қасапханаға ағылды.
Тараз қаласына қарасты барлық мешіттердің атсалысуымен 12 мөлтек ауданында орналасқан қасапханада айттың бірінші күні 58 қой, 7 ірі қара құрбандыққа шалынып, 180 шақты отбасы ет алса, екінші күні 23 қой, 2 ірі қара сойылып, 30 шақты отбасыға еті үлестірілді.
Ал қала маңынағы "Толчок" ауданында айттың 3 күнін қосқанда онлайн тапсырыс бойынша сойылған мал саны: 36 қой, 28 ешкі. Қасапханаға келіп сойғызғандар саны - 360 қой, 55 ешкі. Онлайн тіркеліп, көмек алған отбасылар саны 50 адам болса, мешітке келіп тіркелгендер саны 550 кісіні құрады. Мал соятын жерге келіп ет алған мұқтаждар саны - 170.
Тараз қаласы бойынша облыстық мешіттен бастап барлық қала мешіттерінің имамдары мен қызметкерлері жүйелі түрде қызмет атқарды. Үйлестіру жұмыстарына бекітілген мешіт қызметкерлері өз міндеттерін тиісті деңгейде орындауда.
Жалпы алғанда тек Тараз қаласы бойынша 2 қасапханада Құрбан айттың 3 күніндік мерекесінде 477 қой, 170 ешкі, 9 ірі-қара сойылып, 1800 отбасына таратылды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі