Күллі мұсылманның ұлық мерекесі Құрбан айт мейрамы келіп, халық шат-шадыман.
Бүгін облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде әйел кісілер мерекелік айт намазын оқып, көпшілікпен бірге дұға жасады.
Намаздан соң ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының өкілі Нұргүл Алиханқызының ұйымдастыруымен ұстаздар мен шәкірттер қала тұрғындарына сыйлықтар таратты.
Алла өзі бекітіп берген мейрамды сездіріп, қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында жасалған шара тұрғындарға қуаныш сыйлады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі