Шу станциясының желілік полиция бөлімшесі, Ансар ЛОВД және ӘТЖК АК мекемесінде "Діни радикалды ағымдардың сипаттары" тақырыбында діни кездесу өтті.
Шараға "Әбу Бәкір ас-Сыддық" мешітінің имамы Б.Б.Нұрлыханов, Шу ст. ЖПБ КПб-нің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты А.Б. Абдулла, ӘТЖК АК мекемесінің бастығы Коротовских Д.В қатысты.
Кездесуде қазіргі таңда кең тараған теріс бағыттағы аямдар мәселесі қозғалып, ағым деп тіркелген ұйымдар жайыл ашық ақпарат берілді. Сонымен қатар олардың қатарына қосымауға, сақтануға шақырылды.
"Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде: «Бір-бірлеріңді күндемеңдер, бір-бірлеріңмен ұрысып-таласпаңдар және бір-бірлеріңді жек көруші болмаңдар. Ей, Алланың құлдары бір-бірлеріңе бауыр болыңдар. Мұсылман мұсылманның бауыры. Мұсылман мұсылманға зұлымдық жасамайды, оны өзінен төмен санамайды, кемсітпейді. Мұсылман бауырын төмен санау пендеге күнә ретінде жетіп артылады. Барлық мұсылманға қандайда бір мұсылман бауырының жанымен малына қолсұғу және ар-намысына тию харам» - дейді. Өкінішке орай, бүгінгі таңда Ислам дінінің атын жамылып, қоғамдық орындармен көліктерді жарып, жазықсыз адамдардың өмірін қиып, хақ Ислам дініне өшпестей қара күй жағып жатқан түрлі ағымдар бар солардың бірі «Әт-такфир уәл-хиджра» ағымы" - деп адасқан тұстарын жіліктеп берген имам өзге бағытқа қосылып кетпес үшін діни сауатты болудың маңызын жеткізді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі