Меркі ауданы: Айт намазының оқылу тәртібі

Меркі ауданы: Айт намазының оқылу тәртібі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық орталық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы мешітке келген жамағатқа «Құрбан айт» намазының оқылу тәртібін кеңінен түсіндіріп берді.

Азамат Берікұлы: «Айт намазы шариғат тарапынан мұсылмандарға уәжіп етіліп һижраның бірінші жылында енгізілді. Әнастың айтуынша, Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәдинаға келгенде мәдиналықтар тойлайтын екі күн болатын. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бұлар не қылған екі күн?» – деп сұрайды. Олар: «Исламнан бұрын осы екі күнде ойнап, көңіл көтеретінбіз» – дейді. Сонда Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында, Алла ол екеуін одан да жақсырақ мерекелерге: Құрбан айты мен Ораза айтына айырбастады»– деді.

Осы айт намаздарымыздың өзге намаздардан ерекшеігі оның қосымша тәкбірлері бар. Бірінші қосымша тәкбірі «Сәнә» дұғасынан кейін айтылады, екінші қосымша тәкбірі екінші ракағаттың зәм сүресінен кейін айтылады», - деп, айт намазына қатысты егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Уағыз соңынан мешітке келуші жамағат Құрбан айтқа қатысты өз сұрақтарын қойып тұшымды жауаптарын алды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: