#Шу: Құптан намазынан соң дәріс жүргізілуде

#Шу: Құптан намазынан соң дәріс жүргізілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы "Тоғай" мешітінде бірнеше апта бойы "Ихсан - рухани тәрбие негізі" атты имандылық дәрістері жалғасын тауып келеді. 

Ихсан сөзі жақсылыққа жеткізу, жақсылық жасау, бір нәрсені соңына дейін орындау, тиянақтылық, шынайылық деген сынды мағынаны білдіреді. Ал шариғатта «амалдарды Алла көріп тұрғандай сезімде орындау» дегенге саяды.

Мұсылмандарда иман бар, оны іске асыратын амал - ислам бар, ал әдеп жағы - ихсан бүгінгі таңда ақсаңдап тұр. Сондықтан осы қасиетті тәрбиелеу мақсатында "әдеп" дәрістері жүргізіліп келеді. Айта кетейік, ол құптан намазынан соң "Тоғай" мешітінде өткізілуде.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: