Тұрар Рысқұлов ауданы Қызылшаруа ауылдық «Жусанбай ата» мешіті күрделі жөндеуден өткізілуде. Мешіттің жөндеу көрмегеніне біраз жыл болғаны себепті шатырынан жауын-шашын жауғанда су өтіп, жұмсақ потолоктары жыртылған және қабырғаларының бояуы да ескірген екен.
Ауыл имамы Кенжебай атаның бастамасымен ауыл жігіттері жиналып білек сыбана мешіттің күрделі жөндеу жұмыстарына кірісіп кетті. Кенжебай имамның жоспары бойынша биыл күз айына дейін мешіт толықтай жөнделіп, пайдалануға беріледі. Алла барша ат салысып жатқан қайырымды жандарға разы болсын,- деп ауыл имамы ақ батасын берді.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі