Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай, Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде 4 кәсіпкерге сертификат табысталды.
Іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев пен ҚМДБ "Халал Даму" облыстағы маманы Нұрматжан Миразизов қатысты.
Бас имам кәсіпкерлерді Құрбан айт мерекесімен құттықтай отырып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Ал ҚМДБ "Халал Даму" ұйымының облыстағы жауапты маманы Аблайхан Ғабитұлы әр кәсіпорының жағдайы, пайдаланатын өнімі, аудит барысындағы кезекті мәселелер және болашақ жоспарды тілге тиек етті.
Халықтың адал асты тұтынуына септік болып жүрген кісілерге тұрғындар да разы.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі