#Қордай жамағаты Оралхан Сейдмановпен жүздесті

#Қордай жамағаты Оралхан Сейдмановпен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы Қаракемер ауылдық мешітінде Нұр-Мүбарак Египет Ислам университетінің оқытушысы Оралхан Сейдманов насихат жүргізді.

Білікті ұстаз қасиетті рамазан айы туралы, нағыз ораза және оның дұрыстығы турасында түсіндіріп өтті. Маман өз сөзінде оразаны асқазанмен ғана емес, барлық мүшемен ұстаудың маңыздылығына, қабыл болуының белгісі мен шарттарына тоқталды.

Сонымен қатар қазіргі қоғамдағы ораза ұстаушылардың оразасы қандай, ал Аллаға ұнамды ораза қандай деп нақтылап берді. "Ораза – бізді дүниеде жамандықтардан сақтайтын, ақыретте жәһаннамнан қорғайтын және күнәларымыздың кешірілуіне себепші болатын маңызды ғибадат. Пайғамбарымыз былай дейді: “Кімде-кім сене отырып, сауабын Алладан күтіп, Рамазан оразасын тұтса, өткен күнәлары кешіріледі”"- дей келе көпшіліктің сауалдарына тұщымды жауаптар берді.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: