ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының бастамасымен ашылған "Асар" қайырымдылық қоры зағип жанға көмек көрсетті.
Аталған жақсылық Тараз қаласында тұңғыш рет өткен "Қош келдің, Рамазан" атты әйелдерге арналған рухани той кешінде жасалды.
7 сыныптан бері қос көзі бірдей көрмей қалып, оған басқа да сыртқаттары қосылған жан аталған іс-шараға жан құрбысымен келіп, көпшілікке сұқбат берді. Қолғанат ханым балалық шағын, армандарын баяндап, сол армандарына жеткенін қуана айтты. Өмірге деген құштарлығы мен талпынысы зор дара жан жамағатқа үлгі болды. Құрбысы дайындаған бейнеролик көсетіліп, кейіпкер жайлы толық ақпарат берілді.
Облыстағы Әйел-қыздар секторының өкілі Нұргүл Әлиханқызы сүбелі сұқбатынан соң қор атынан 100 000 теңге қаражатты табыс етті.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі